| 07.07.2026 |
|
2026 жылғы 7 шілдеге қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы
2026 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 (үш) заңды тұлғалардан тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріліп, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарламалар келіп түсті, атап айтқанда:
1. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - сауал салу әдісі: жаппай сауалнама, фокус-топтық пікірталас, эксперттік сауал, жедел сауалнама, «exit poll» әдістерімен.
2. «DATAMETRICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - «face to face» сұхбаты;
3. «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі» - сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет-сауалнама, «exit poll» әдістерімен;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.
Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
