| 26.06.2026 |
|
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауқымды құқықтық, қоғамдық жаңғыру және жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру барысында сапалы әрі объективті журналистиканың маңызы ерекше арта түсті. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет пен қоғам арасындағы маңызды дәнекер ретінде қоғамдық диалогты нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және елде заң үстемдігі, әділеттілік пен адамға бағдарланған мемлекет секілді жалпыұлттық құндылықтардың орнығуына ықпал етіп келеді.
Медиақауымдастық өкілдері сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуде де баға жетпес рөл атқарады.
Сайлау науқандары кезеңінде отандық бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметінде үнемі жоғары кәсібилікті, бейтараптықты және өз ісіне жауапкершілікпен қарауды танытып, сайлау процесінің жариялылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, ақпарат көлемі айтарлықтай артқан кезеңде оқиғаларды жариялауда фактілердің дәлдігі мен бейтараптығы бұрынғыдан да өзекті бола түсуде. Дәл осы сапалар азаматтардың ақпараттандырылуына, қоғамдық диалог мәдениетінің қалыптасуына және қоғамдағы сенімнің нығаюына айтарлықтай ықпал етеді.
Сіздерге шын жүректен әділ ұстаным, объективтілік және кәсіби қызметтеріңіздің жоғары талабына адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, шығармашылық шабыт, қызықты жобалар, кәсіби табыстар және жаңа жетістіктер тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР ОСК Төрағасы
Нұрлан Әбдіров
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

