| 12.03.2026 |
|
Құрметті референдумға қатысушылар!
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум бойынша ақпараттандыру жалғасуда.
Қазіргі таңда республикалық референдум туралы толық ақпарат қамтылған байланыс операторларының SMS-хабарламалары мен Egov mobile, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалардың екінші легі жүруде.
Сонымен қатар республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер арқылы біле алады:
1. Жоғарыда көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.
2. ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін табу келесі сілтемелер бойынша да қолжетімді:
https://www.gov.kz/referendum?lang=kk
https://referendum2026.gov.kz/kk
3. Референдумға қатысушыларға кеңес беру үшін Call-орталықтар жұмыс істейді. Call-орталықтар туралы ақпараттар әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.
4. Дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерге баратын болса, 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алу арқылы дауыс беруге құқылы. Куәлікті алу тәртібі туралы төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=10014.
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

