| 01.11.2005 |
|
2005 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынымына байланысты хатын, сондай-ақ қоса берілген құжаттар мен бейнежазбаны қарай келе, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты З.Қ.Батталоваға сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты келісім беруіне болатындығы туралы тұжырымын бекітті.
Мұндай қортынды қабылдауға З.Қ.Батталованың басқа адамдармен бірлесіп 2005 жылғы 8 қазанда Алматы қаласында рұқсат етілмеген митинг өткізгені негіз болды. Бұл Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 373-бабында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
З.Қ.Батталова және митингті ұйымдастырушы басқа да азаматтар бұл шараны Парламент Сенаты депутатының Алматы қаласының халқымен кездесуі ретінде көрсеткен.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 30-бабының 3-тармағында Парламент депутатының өз сайлаушыларымен өзара қарым-қатынаста болуы, оларды Парламент қызметі туралы ұдайы хабардар етіп отыруы, Парламенттің, оның Палаталары мен органдарының тапсырмаларын орындауы үшін әрбір депутатқа сайлау округтеріне іссапарларға шығып тұру құқын беру қарастырылған. З.Қ.Батталова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Шығыс Қазақстан облысынан сайланғандықтан, ол Алматы қаласында ұйымдастырған шараны сайлаушылармен кездесу ретінде қарауға болмайды.
Іс жүзінде, 2005 жылғы 28 қыркүйекте Б.Әбілов пен Т.Тоқтасыновтың Алматы қаласы әкімінің атына 2005 жылғы 8 қазанда Алматы қаласының Астана алаңында (Ескі алаң) немесе Ш.Уәлиханов атындағы алаңында митинг өткізу туралы берген өтінішіне Алматы қаласының әкімдігі аталған митингті 2005 жылғы 8 қазанда «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы скверде өткізуге рұқсат берген.
Алайда, митингті ұйымдастырушылар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін сақтамаған.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
