| 12.11.2005 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өзінің 2005 жылғы 11 қазандағы Үндеуінде барлық сайлау процесіне қатысушыларды сайлау науқаны уақытында өз саяси мақсаттарына қол жеткізудің айрықша бейбіт, заңды, күштеусіз әдістерін қолдану жөнінде өздеріне міндеттемелер алуға, сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезінде дәстүрлі демократиялық жолдарды пайдалануға шақырды.
Үндеу еліміздің жұртшылығы тарапынан кең қолдау тапты. Үндеуді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат М.Х. Елеусізов, Президенттікке кандидаттар Е. Әбілқасымовтың, Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды штабтарының басшылары қолдады.
Орталық сайлау комиссиясы басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, Үндеуді іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізуде.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары сайлау заңнамасына сәйкес барлық кандидаттарға өз бағдарламаларын жариялауы және сайлауалды үгітті жүзеге асыруы үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын береді, барлық тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы қызметін жария етеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға мемлекет кепілдік беретін қаражат есебінен эфир уақыты мен баспасөз бетiнен орын беретін бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесін («Егемен Қазақстан» газеті; «Казахстанская правда» газеті; «Қазақ радиосы»; «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы) бекітті.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны мәселелері бойынша теледидарлық пікірталастар ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар келіскен жағдайда, теледидарлық пікірталастарды «Хабар» телеарнасында 2005 жылғы 17 қарашада өткізу көзделді.
Қазақстан Республикасында мемлекет саяси партиялар өкілдерінің аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына қатысуын қамтамасыз етеді.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссияларын жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) сайлайтындықтан, саяси партиялар мәслихат депутаттарының мандаттары үшін күрес жүргізіп, мәслихаттар арқылы сайлау комиссияларындағы өкілдікке қол жеткізеді.
Елімізде барлығы 9803 сайлау комиссиясы, оның ішінде 9583 учаскелік, 167 аудандық, қаладағы аудандық, 37 қалалық және 16 облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиялары жұмыс жасайды.
Комиссиялардың құрамына саяси партиялардың ұсынуы бойынша 56814 комиссия мүшесі немесе сайлаушылардың жалпы санының 82,8 %-ы сайланды.
Президенттікке кандидаттарды ұсынған барлық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін газеттерді және үгіт материалдарын шығару мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік органдар кемсітушіліксіз, белгілі бір орындарда, әр уақытта және күндерде заңды, күштеусіз митингілерді өткізу бостандығын қамтамасыз етеді, оларды өткізуге кедергісіз рұқсат береді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда аумақтық сайлау комиссиясының Президент сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы Орталық сайлау комиссиясына тапсыру үшін екі күн мерзім берілген.
Үндеуде Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының қорытындылары жөніндегі уақтылы деректердің учаскелер мен облыстар бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде берілуін, сондай-ақ осы деректердің Интернетте жариялануын қамтамасыз ету міндеттемесін қабылдады. Осы мәселелер жөніндегі тиісті нұсқаулар аумақтық сайлау комиссияларына жеткізілді.
2005 жылғы 19 қазанда Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларға үндеу қабылдап, онда сайлаушылардың тізімдерін жасау рәсімін түсіндірді, азаматтарды өздерін тиісті тізімдерге енгізу жөнінде дер кезінде қамдануға шақырды.
Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімдерін жасау және нақтылау жөніндегі жұмысты аяқтауда. Жер-жерде аула бойынша аралау, азаматтарда тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің болуын тексеру ұйымдастырылды, сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзету жөнінде арнайы ақпараттық орталықтар құрылды. Жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімдерін жасауға және нақтылауға жауапты бөлімшелері қажетті ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етіліп, білікті кадрлармен қамтылды.
Жергілікті атқарушы органдар барлық деңгейдегі сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы дер кезінде қамдануға және оларда өздері туралы деректердің болуын тексеруге шақыра отырып, сайлаушылар арасында жария үгіт жүргізуде. Сайлаушылар тізімдеріндегі қателіктерді жедел түзетуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы шетелдік (әсіресе ЕҚЫҰ) және жергілікті байқаушылардың Президент сайлауына қатысуын қолдап отыр және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін барлық жағдайларды жасауда. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы негізінде 281 байқаушыны, оның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 21 елінен 44 байқаушыны және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Миссиясының 104 байқаушысын тіркеді.
Сыртқы істер министрлігі шетелдік байқаушыларға рұқсатнамалар беру рәсімін оңайлатты. Барлық облыстарда, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне жәрдемдесу орталықтары құрылды.
Орталық сайлау комиссиясы өз қызметін ашық және жария түрде жүзеге асыруда, сайлау науқаны барысында туындайтын барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес дер кезінде түсініктемелер беруде. Орталық сайлау комиссиясына келіп түсудегі шағымдарды қарау жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Орталық сайлау комиссиясы араласуды қажет ететін шағымдар бойынша заң бұзушылықтарды жоюды және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ете отырып, шұғыл ден қояды.
Орталық сайлау комиссиясы Сайлауды қадағалау жөніндегі қоғамдық комитеттермен бірлесе отырып, барлық сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізді.
2005 жылғы 22 қазанда Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеме жасады, онда бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың сайлау науқанын объективті жария етуді жүзеге асыруға міндетті екенін естеріне салды. Бұл ретте тіркелген кандидаттардың кез келгенінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қадағалауда.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
2005 жылғы 11 қараша

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы