| 08.11.2005 |
|
2005 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Нидерланды Корольдігінің адам құқықтары жөніндегі Елшісі Пьет де Клеркпен кездесті. Кездесу барысында алдағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Оңалсын Жұмабеков Пьет де Клеркті сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібімен, жалпы сайлау науқаны барысымен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету ҚР Орталық сайлау комиссиясының міндеттерінің бірі екендігін мәлімдеді.
«11 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидаттарға, барлық сайлау науқанына қатысушыларға және саяси партияларға Үндеу жариялады. Үндеу әділ және жария сайлау өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған 11 тармақтан тұрады», - деді О. Жұмабеков.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледидарлық пікірталасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. «Бұл мәселе Үндеудің 11 тармақтарының бірінде көрсетілген»,- деп атап өтті О. Жұмабеков.
2005 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков ҚР Президенттігіне 5 кандидатқа бұл ұсынысты ойластыру туралы хат жолдады. 10 қарашаға дейін мемлекет басшылығынан үміткер 5 кандидат, Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылдың 17 қарашасында өткізуді жоспарлап отырған телепікірталасқа қатысатындығы туралы жауап беруге тиіс.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы