| 16.11.2005 |
|
16. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (2004 ж.) сайлаушыларға қысым көрсететін немесе белгілі бір кандидаттарды не партияны қолдауға мәжбүрлеу мақсатында қорқытатын жер-жердегі лауазымды тұлғалар мен басшыларды сотта қудалау жөнінде едәуір күш-жігер жұмсауды ұсынды.
Аталған адамдарға қатысты соттың қудалауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделеді. Сайлау алдындағы науқанға заңсыз араласқаны немесе сайлаушыларға қысым көрсеткені үшін қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 146-бабы) және әкімшілік (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-1-бабы) жауаптылық белгіленген.
Копенгаген құжатында мемлекеттің лауазымды адамдарды сайлау заңнамасын бұзған кезде қудалау жөніндегі тікелей міндеттеме жоқ. Қаралып отырған халықаралық құқықтық актінің 7.7-тармағында сайлау науқаны процесі кезінде партиялар мен кандидаттарға қатысты зорлық-зомбылық, күш көрсетуге жол бермеу туралы айтылған. Жоғарыда атап көрсетілгендей, заңдарда құқық қорғау органдары мен соттардың белгілі бір лауазымды адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету міндетін, егер оның сайлау процесінің нормаларын бұзуы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабының талаптарына сәйкес келгенде (сайлау құқықтарының жүзеге асырылуына немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасаса) көзделеді. Бұл ұсыным да алынып тасталуға тиіс.
17. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы (2004 ж.) төмен тұрған деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерін Сайлау туралы Заңға 2004 жылы енгізілген түзетулер бойынша жан-жақты оқыту қажет, оқыту тиімділігі үшін оны жеткілікті қаржыландыру көзделуге тиіс деп есептейді.
Миссияның 2004 жылғы Есебінде «елде сайлаушыларды хабардар ету және оқыту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылды. Алғаш рет енгізіліп жатқан электрондық дауыс беру технологиясы жөнінде электоратты хабардар етуге ерекше күш-жігер жұмсады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар арасында таратылған мазмұнды ақпараттық брошюра, сондай-ақ бірнеше теледидар роликтерін шығарды » - деп көрсетілген.
Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары сайлау процесіне қатысушылардың барлығын оқыту жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізуде. Оқыту процессі барлық қажетті қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген. Орталық сайлау комиссиясы жыл сайын кезекті жылға арналған Жоспар құрады, онда міндетті түрде барлық деңгейдегі сайлау комиссияларына әдістемелік басшылық ету және сайлауды өткізу кезіндегі олардың қызметінің Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Сайлау процесіне қатысушылармен кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізу міндетті. Осы жұмысқа Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға әзірлік кезінде ерекше көңіл бөлінеді.
Копенгаген Құжатының талаптарына бұл ұсынымның қатысы жоқ, дегенмен ұсыным толығымен орындалды. Бұл ұсыным алынып тасталуға тиіс.
18. «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесіне деген қоғам сенімін арттыру үшін, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Есебін құрастырушыларының пікірі бойынша, дауыстарды қағаз жүзінде есепке алу және қайта санау мүмкіндігін енгізу, ПИН-кодтарды қолдануды тоқтату, сондай-ақ электрондық дауыс беруді сертификаттаудың тәуелсіз ішкі жүйесін енгізу қажет.
Электрондық дауыс беруді сертификаттаудың тәуелсіз ішкі жүйесі бар. Қабылдау алдында Мемлекеттік комиссия тәуелсіз сарапшыларға онымен танысу және қорытынды жасау мүмкіндігін берді. ПИН-код жүйеде пайдаланылмайды. Техникалық сарапшылардың қорытындысы бойынша жүйенің қажетті қорғалу және айқындылық дәрежесі бар.
«Сайлау» ААЖ-да сайлаушы тіркеу рәсімінен өткеннен кейін өзіне ұсынылған атаусыз, өте бірегей, активтендірілген карточкалардың (электрондық сайлау бюллетеньдерінің) ішінен қалауы бойынша таңдауын көздейтін жаңа әдіс қолданылады. Сол арқылы жасырын дауыс беру қағидаты іске асырылады.
Дауыс берудің электрондық нысанын пайдалану не пайдаланбау қажеттігі туралы ұсыным Копенгаген Құжатында көзделмеген. Тиісінше, дауыс беру нысандарының біріне қатысты мәселелер мемлекеттің ішкі құзыретіне жатады. Осының негізінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының электрондық дауыс беру жүйесіне қатысты айтқан ұсынымдары жалпыға танымал халықаралық құқықтық нормаларға негізделмеген, сондықтан қаралып жатқан отырған ұсыным сөзсіз алынып тасталуға тиіс. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы электрондық дауыс беру жүйесі бойынша пікір алмасу жөніндегі ынтымақтастыққа тұрақты және іс жүзінде даярлығын растайды. Біз Миссияның құрамында электрондық дауыс беру жөніндегі техникалық сарапшының келуіне рұқсат бердік.
19. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы (2004 ж.) дауыстарды есепке алуды жеңілдету және көзі нашар көретін адамдарға көмектесу мақсатында электрондық дауыс беру жүйесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Қазіргі уақытта «Сайлау» ААЖ-на 2004 жылы Қазақстан Республикасы Праламентінің Мәжілісіне депутаттарды сайлау кезінде сайлау процесіне қатысушылар енгізген ұсыныстар енгізілуде. Атап айтқанда, дауыс беруге арналған терминал ірі жазулары мен нашар көретін сайлаушыларға арналған ыңғайлы интерфейсі бар сенсорлық технология негізінде жасалды.
Аталған ұсыным орындалды, бірақ 1990 жылғы Копенгаген Құжатын қабылдаған мемлекеттер міндеттемесінен туындамауына байланысты алынып тасталуға тиіс.
20. Миссия (2004 ж.) «Сайлау» жүйесін біртіндеп енгізуді және сайлаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын қатар жүргізуді ұсынды.
Сайлау туралы заңның 12-бабында Орталық сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының мүшелеріне электрондық сайлау жүйесін қолдануды үйретуі, ал БАҚ арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесін пайдалануға үйретуді қамтамасыз етуі көзделген.
«Сайлау» ААЖ енгізілуі біртіндеп, кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауында электрондық сайлау жүйесімен жалпы санның 10 %-ын құрайтын 961 сайлау учаскесі қамтылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауында Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінің 15 %-да электрондық сайлау жүйесін енгізу шешімін алдн ала қабылдады. Сол арқылы «Сайлау» ААЖ-н біртіндеп енгізу жөніндегі ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы орындады.
Сайлау процесіне қатысушылардың барлығы әрбір сайлаушы дауыс берудің тиісті нысанын өзі таңдауға құқылы екені жөнінде алдын ала хабардар етілгенін ерекше атап өткен жөн.
Аталған ұсыным Копенгаген Құжатынан туындайтын міндеттемелерімен түйіспейді. Осының негізінде бұл ұсыным алынып тасталуға тиіс.
21. «Меншік иелері басылымдардың редакциялық тәуелсіздігімен санасуы үшін БАҚ-қа иелік ету түрлерін кеңейту қадамдамдарын жүзеге асыру керек» - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының (2004 ж.) сын-пікірі осындай.
Қазақстан Республикасының баспасөз кеңістігінде жұмыс жасайтын 2100 бұқаралық ақпарат құралдарының 80%-дан астамы жекеменшік болып табылады. Пікірлер спектрі: үкіметтіктен күрт оппозициялыққа дейін. Мысалы, радикалды оппозиция газетінің біржолғы таралымы 1 млн. дананы құрайды, ол мемлекеттік баспа БАҚ таралымынан бірнеше есе артық. Бұл ретте елдегі сайлушылар саны 8,5 млн. адамды ғана құрайды. Яғни БАҚ иелігінің түрлері тұрақты көбейіп тұруда.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының осы түрде келтірген ұсынымы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет ретіндегі халықаралық-құықтық міндеттемелерімен жанаспайды. Сондықтан ол алынып тасталуға тиіс.
22. Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, партиялар мен кандидаттар да сондай-ақ пікірталастарды реттеу жөніндегі шешімнің қабылдануына да қатысуға тиіс - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының (2004 ж.) тағы да бір ұсынымы осындай.
Сайлау туралы Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партия тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын және белгілейтін уақыт көлемінде теледидардан өткізілетін саяси пікірталастарға қатысуға құқылы.
Сайлау туралы заңның бұл нормасы мемлекет қаражаты есебінен қаржыландырылатын саяси пікірталастардың өткізілуін реттейтінін ескерген жөн.
1990 жылғы Копенгаген Құжаты ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мұндай міндеттемесін көздемейді, өйткені ең алдымен, пікірталастар – кандидаттардың сайланбалы лауазымға бәсекелі күресу нысандарының бірі ғана. Жалпы, пікірталастар мемлекет ішіндегі заңнамада құқықтық реттеу (мәжбүрлеу) аясынан тыс болуға тиісті, себебі пікірталастарға қатысу сайланбалы мемлекеттік лауазымға үміткердің міндеті емес, тек құқығы болып табылады.
Аталған ұсыным алынып тасталуға тиіс.
23. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының (2004 ж.) Қылмыстық кодекстің жала жабуға қатысты қағидаларының саяси мақсаттарда қолданылуын болдырмау үшін өзгерту, мысалы, жала жабуды қылмыстық емес, азаматтық құқық бұзушылық деп айқындау керек деп есептейді.
Жала жабу үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды саяси әрекет ретінде қарауды әдептілікке жат деп есептейміз. Заң шығарушы жала жабуды қылмыстық жазаланатын әрекеттер қатарына жатқыза отырып, осындай әрекеттің қоғамдық қауіптілік
дәрежесін, сондай-ақ келтіретін зиянын ескерді. Сондықтан жала жабуды қылмыстық емес деп тану ұсынымдарының себептері түсініксіз. Осы мәселеге қатысты әлем тәжірибесіне сүйенсек, Австралияның Қылмыстық кодексінің 7.4.-тармағында
жала жабуға тыйым салатын бірқатар нормалар бар; Австрияның Қылмыстық кодексінде «Жала жабу» деген §111 жалақорлыққа қарсы күреске арналған; Болгарияның Қылмыстық кодексінде «Жала жабу және қорлау» деген жеке VII бөлім бар;
Данияның Қылмыстық кодексінде §266с, 267а жала жабудың бірнеше түрі үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді; Әзірбайжан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Жала жабу» деген 147-бап бар; Голландияның Қылмыстық кодексінде жалақорлық үшін жауаптылық туралы бірқатар баптар (261, 262, 265-271-баптар) бар; Латвия Республикасының Қылмыстық заңында «Жала жабу» деген 157-бап бар; Литва Республикасының Қылмыстық кодексі жала жабу сияқты әрекеттерді жасауға тыйым салады (154-бап); Сан-Марино Республикасының Қылмыстық кодексінде «Жала жабу пасквилі» атты 185-бап бар; Тәжікстан Қылмыстық Кодексінде «Жала жабу» деген 135-бап бар; Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде «Жала жабу» деген 129-бап бар; ГФР Қылмыстық Кодексінде жала жабу мен қорлау үшін жауаптылық «Қорлау және жала жабу» деген он төртінші бөлімнің 14-параграфында көзделген; Польша Республикасының Қылмыстық Кодексінде жала жабу қылмыстық әрекет деп айқындалған; Францияның Қылмыстық кодексінің 226-2-бабына сәйкес жала жабу қылмыс деп танылады. Осы
тізімді әрі қарай жалғастыруға болады.
Байқағанымыздай, бұл ұсыным заң тұрғысынан негізсіз. Осының негізінде осы ұсыным алынып тасталуға тиіс.
24. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы (2004 және 2005 жж.) Мәжіліске сайланатын, соның ішінде тепе-тең өкілеттік, кандидаттар тізіміндегі әйелдер бойынша квота немесе әйелдерді көбірек саяси тізімге енгізу жөніндегі партиялар арасындағы ерікті келісім негізінде сайланатын әйелдер санын көбейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Сайлау заңнамасына сәйкес Қазақстандағы сайлау Республика азаматтарының сайлау және сайлану құқықтарының еркін жүзеге асуына негізделген. Ерлер мен әйелдердің құқықтары тең, ешбір кемсітулер жоқ. Кандидаттарды ұсыну, сайлау алдындағы үгіт жүргізу және басқа да сайлау рәсімдері теңдік қағидаты негізінде жүзеге асады. Азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті. Ешкімнің азаматты сайлауға қатысуға не қатыспауға мәжбүрлеу құқығы жоқ. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне аз келуіне байланысты Австралияда тиісті сайлау учаскесіне келіп, бюллетень алуға міндеттейтін, олай болмаған жағдайда айыппұл ретіндегі әкімшілік жауаптылыққа тартатын заң қабылданды. Осыған ұқсас заңдар Бельгияда, Бразилияда, Эквадорда қабылданған.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қорытынды Есебінде (2004 ж) келтірілген 24 ұсынымды бірнеше қайта талдады. 24 ұсынымның 20-ы 1990 жылғы Копенгаген Құжатындағы талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты алынып тасталуға тиіс деп есептейміз. Дегенімен, сол 20 ұсынымның көбі орындалды, ол Қазақстан Республикасының ашықтығын, өзара түсіністік нгізіндегі тұрақты ынтымақтастықты құруға талпынатынын дәлелдейді.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі Есебінде келтірілген ұсынымдарға (2005 ж.) қатысты.
1. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2005 жылғы 13-17 қыркүйектегі Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі Есебінде тасымалданатын сайлау жәшігі арқылы дауыс беру рәсімі анық емес деп көрсеткен.
Ал Сайлау туралы Заңның 20-1, 43-баптарында тасымалданатын сайлау жәшігі арқылы дауыс беру рәсімі туралы ережелер анық белгіленген. Тасымалданатын сайлау жәшігі арқылы дауыс
беру шектеулі түрде болатынын естеріңізге саламыз (денсаулық жағдайы және ауырып жатқан отбасы мүшесін күту себебі бойынша, сондай-ақ азаматтардың сайлау учаскелері құрылмаған, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан мекендерде тұруы және дауыс беру үшін келе алмауы). Отандық және халықаралық байқаушылар, БАҚ өкілдері тасымалданатын сайлау жәшігін тасымалданған кезде бақылап жүруге, дауыс беру барысында қатысуға құқылы. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау кезінде бірінші болып тасымалданатын сайлау жәшіктері кезегімен ашылады, сайлаушылардың сайлау учаскесінен тыс дауыс беру туралы өтініштердің саны тасымалданатын сайлау жәшігі ішіндегі бюллетеньдер санымен тең болмаса барлық бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Республиканың заңнамасы дауыс беруге арналаған тасымалданатын жәшіктер арқылы дауыс беру шарттарын айқын және нақты реттейтіні жетік байқалады.
Осы ұсыным 1990 жылғы Копенгаген Құжатының міндеттемелеріне негізделмеген. Кейбір елдерде тасымалданатын сайлау жәшіктеріне қатысты мәселелер реттелген, кейбір елдерде реттелмеген, кейбір елдерде тіпті тасымалданатын сайлау жәшіктері мүлдем жоқ. Бұл ұсыным алынып тасталуға жатады деген ойдамыз.
2. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі Есебінде (2005 ж.) «есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру шарттары» оларды бір рет пайдалануға қатысты түсініксіз деп белгіленген. Сайлау туралы заңда және «Ддауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі Нұсқаулығында есептен шығару куәліктерін ресімдеу және беру рәсімдері нақты түсіндірілген. Аталған рәсім тетіктері сайлаушыны тұрғылықты жері бойынша сайлушылар тізімінен шығару, есептен шығару куәлігін алған адамның нақты болу орны бойынша дауыс беру рәсімі; тиісті адамның куәлігі, тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу, нақты болу орны бойынша есептен шығару куәлігін тапсыру, дауыс беру қорытындысының хаттамасына есептен шығару куәлігімен дауыс берген сайлаушылардың санын енгізу жөніндегі нақты іс-әрекеттерді қамтиды, бір реттен артық дауыс беру мүмкіндігі осылайша жоққа шығарылады.
Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 11 қарашада «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы сайлауына дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау туралы» қаулы қабылдады, онда «Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары типография тәсілімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі №1/2 қаулысымен белгіленген нысан бойынша тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 5 %-ы (бес пайызы) есебінен дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі - есептен шығару куәліктерін) дайындасын және аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына берсін. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларына тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 3%-ы (үш пайызы) есебінен есептен шығару куәліктерін жеткізуді қамтамасыз етсін» деп жазылған.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру шарттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының заңдары мен нормативтік актілерімен айқын және нақты реттелетінін байқауға болады.
Сонымен қатар, ұсыным Копенгаген Құжатының міндеттемелерінен туындамайды, сол себепті алынып тасталуға жатады.
3. 2005 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда болған Миссияның Есебінде Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ) оппозициялық партиясы 2005 жылдың ақпанында соттың қаулысымен «таратылды» деп жазылған. Олар бұл фактіні партияның құдалауға ұшырауы оппозициялық бағытта болуына байланыстырып көрсетеді.
Ал нақты жағдайға, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы (ҚДТ) Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2005 жылғы 6 қаңтардағы шешімінің негізінде жойылған. Оған ҚДТ- ының «қазіргі кезде қызмет етіп жатқан биліктің заңсыздығы» туралы мәлімдемесі және партияның халықты бағынбау акцияларын жасауға шақыруы негіз болды.
Әділет министрлігінде тіркеуден өткен және құқық аясында қызмет ету мүмкіндігін алған ҚДТ ел заңдарын бұзды және өзі іс жүзінде заңды жұмыс істеуден ауытқыды. Ұсным алынып тасталуы тиіс, себебі сот шешіміне құқықтық мемлекеттердегідей құрметпен қарау керек. Соттан (жоғарғы сатыдағы соттан) басқа ешкімнің сот шешімдерін тексеруге салу құқығы жоқ. Байқаушылар миссиялары, олар қай мемлекетте болмасын, өздерінің Есептерінде сот шешімін бір жақтың адалдығын растап басқа жақты шартсыз айыптау ретінде келтіре алады деп есептейміз. Бірақ, кімге болса да, сонымен қатар байқаушыларға сот шешімдеріне баға беру әдепсіз деп санаймыз.
4. Миссияның Есебінде 2005 жылдың сәуірінде және мамырында болған екі жеке оқиғада, қазіргі уақытта президенттікке кандидат болған оппозицияның саяси жетекшісінің халықпен кездесуі барысында, белгісіз адамдар тобы денеге зақым келтірердей шабуыл жасағандығы жазылған. Осы фактілер де оппозициялық іс-әрекеттер жасайтын саяси жетекшіні қудалау ретінде көрсетілген.
Құқық қорғау органдары осы факті бойынша тергеу жүргізді және сот үкімі шығарылды. Қазақстанда, кез келген өзге мемлекеттегідей, күнделікті қылмыстар жасалынып жатады, ол қылмыстардың субъектілері мен объектілері әрқилы және, біздің ойымызша, олардың ішіндегі тек біреуін бөліп атау объективсіздікті көрсетеді.
5. Миссия мүшелері Есебінде көп адамдар алдағы сайлауға қатысушылардың бәріне сайлаушыларына үндеу жасау үшін немесе теледидар жаңалықтарының шығарылымдарында бірдей және әуесқойсыз көрсетілетіндеріне сенімсіз екенін, және олардың алдағы сайлауда, әсіресе оқиғалардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы мен қазіргі Президент айналасындағы биліктің бәріне бірдей араласуы сөз болғанда, тең жағдай жасалатынын күтпеуін көрсетті.
Сайлау заңнамасының реформаға ұшырауы елеулі дәрежеде бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқаны кезіндегі қызметіне де өз әсерін тигізді. Сайлау туралы Заңның 27-бабының қағидалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының ешбіреуге артықшылық жағдай жасамай, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті көрсетуді жүзеге асыруға міндетті болуы кандидаттар құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдік қағидасын қамтамасыз етудің қажетті шарты.
Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 11 қазандағы Үндеуінде: «Мемлекет мемлекеттік теледидардың және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарға өз бағдарламаларын таныстыру үшін тиісті уақытты беруіне және сайлау алдындағы қызметті жаңалықтар бағдарламаларының контекстінде объективті түрде жария етуіне кепілдік береді: мемлекеттік органдар сайлау науқанының мәселелері жөнінде жария пікірталастар өткізуге жәрдемдесетін болады» деп жазылған.
Ағымдағы сайлау алдындағы кезеңде Президенттікке кандидаттардың бәріне бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімдіктің тең мүмкіндіктері берілген, ол Қазақстан Республикасының халықаралық- құқықтық міндеттемелеріне сай келеді.
6. «Түсіндіру» туралы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 11 қарашадағы мәлімдемесінде айтылған болатын.
7. ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (2005 ж.) Миссиясының пікірі бойынша, кандидаттарды тіркеу үшін ұсынылатын талаптар қатаңдатылды, сондықтан ,кандидат бсқа құжаттармен қоса ол және оның зайыбы (жұбайы) Табыс және мүлік туралы Декларацияны тапсырғаны туралы салық қызметінен алған анқтаманы да көрсетуге тиістігі.
Бұл ескерту қабылданбайды, себебі осы жағдайдағы анықтама салық органының кандидат болуды қалаған адамнан тиісті декларацияны алғанын растайтын қолхат ретінде қаралады. Және Президенттікке кандидат болға кедергі жасамайды.
Копенгаген құжатында (5.1, 6.7 (7.1-7.9), 8, 26- тармақтарында) сайлау процесі аясындағы ЕҚЫҰ-ға қатысушылар-мемлекеттердің өздеріне жүктейтін 11 міндеттеме бекітілген. Бұл міндеттемелерді Қазақстан Республикасы толығымен орындайды. ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясы келтірген (2004ж.) 24 ұсыным-ескертудің ішіндегі 20-сының Копенгаген Құжатын енгізілген сайлау процесінің
міндеттемелеріне тікелей қатысы жоқ. ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясы келтірген (2005 ж.) 7 ұсыным-ескертудің 3-і Копенгаген Құжатының міндеттемелерінен туындамаса да, орындалды; Қазақстан Республикасы ескертулердің 2 тармағы бойынша Копенгаген Құжатының нормаларына сай келетін іс-әрекеттерді ол ескертулер ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясы Есебіне енгізілгенге дейін жасады; 2 ескерту маңызды болмағанымен,олар да жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
халықаралық қатынастар жөніндегі бөлімі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
