| 16.11.2005 |
|
ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне 2004 жылғы 19 қыркүйектегі және 3 қазандағы сайлауды байқау жөніндегі Есебінде, ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауына байланысты қажеттіліктерді бағалау жөніндегі 2005 жылғы 13-17 қыркүйектегі Есебінде көрсетілген ұсынымдар жөніндегі анықтама
2004 жылғы 19 қыркүйектегі және 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттарды сайлаудың қорытындылары бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Есеп дайындады. ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ Миссиясы Есебінде 24 ұсыным жасалған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Парламент, мәслихат депутаты бола алмайтыны көзделген, яғни тіркеуден бас тарту жала жапқаны үшін сотталғандарға ғана емес, барлық қылмыс жасағандарға қатысты қолданылады.
Сайланбалы лауазымдарға қатысты осындай заң талабын қою тұрғысында Қазақстан жалғыз емес. Мысалы, Болгарияның Халықтық Жиынына бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамдардың сайлануға құқығы жоқ («Халықтық Жиынға сайлау туралы» 2001 жылғы 13 сәуірдегі Болгария Заңының 3-бабы); Венгрия Республикасында «түрмеде жазасын өтеп жатқан» адамдар дауыс бере алмайды және Ұлттық Жиынға сайлана алмайды (1998 жылы түзетулер енгізілген «Венгр Республикасының Ұлттық Жиынына сайлау туралы» 1986 жылғы №XXXIV Заңының 2-бабы); Босния және Герцеговинаның 2001 жылғы 23 тамыздағы Сайлау туралы бірыңғай заңнамасында «бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамның бірде-біреуі», сондай-ақ Трибунал айыптаған адамның бірде-біреуі «Босния мен Герцеговина аумағында дауыс беру үшін тіркелуге немесе кандидат болуға не тағайындалмалы не сайланбалы немесе басқа да мемлекеттік лауазымды қызметті атқаруға құқығы жоқ» - делінген; Латвия Сеймына сайлау туралы (Сейм туралы Заңға 1998 жылғы 26 наурызда
енгізілген өзгертулерімен) Заңының 5-бабында: «қасақана қылмыс жасағаны үшін айыпталған.., және бұрын жасаған қылмыстары жабылмаған адамдар кандидаттардың тізіміне енгізілмейді және Сеймға сайланбайды» - делінген; Әзірбайжан Республикасының 1992 жылғы 12 қарашадағы Конституция-сының 100-бабына сәйкес соттылығы бар адам Президенттікке кандидат бола алмайды деп жазылған; «Польша Республикасының Сеймына және Польша Республикасының Сенатына сайлау туралы» 2001 жылғы 12 сәуірдегі Заңның 7 және 8-баптарының мазмұнынан соттың немесе Мемлекеттік Трибуналдың шешімімен жария және сайлау құқықтарынан айрылған адамдардың сайлауда дауысқа түсе алмайтыны туындайды. Көптеген мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында жала жапқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы баптар қамтылған.
Қаржылық есептемесіндегі болмашы қателіктер үшін кандидаттардың құқықтарына бас тарту білдіруге келер болсақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңда мұндай қатаң талаптар көзделмеген және бұл құқық қолдану практикасының мәселесі. Орталық сайлау комиссиясы өз практикасында кандидаттарға қаржылық есеп жөніндегі қосымша декларацияны тапсыру арқылы болмашы қателіктерді жою мүмкіндігін беру позициясын ұстанады.
Осы ұсыным ЕҚЫҰ Адамзаттық өлшем жөніндегі Копенгаген Кеңесі Конференциясының 1990 жылғы 29 маусымдағы Құжатындағы (бұдан әрі – Копенгаген құжаты) міндеттемелерге негізделмегенін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның міндеттемелер тізбесінде көзделмегенін ерекше атап көрсеткен жөн. Осыған байланысты ұсыным алынып тасталуға тиіс деп апйымдаймыз.
2. Аталған ұсынымды алып тастау қажет деп есептейміз. Орталық сайлау комиссиясының дәлелдері 2005 жылғы 11 қарашадағы Мәлімдемесінде келтірілген.
3. Осы ұсыным нақты емес және «сайлау алдындағы науқанның ресми басталғанына дейінгі сайлау науқанына нақты анықтама» беру дегеннің мағынасын ашып көрсетпейді.
Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 27-бабы сайлау алдындағы науқанының ресми түрде басталғанға дейінгі сайлау кампаниясының нақты анықтамасы берілген деп есептейді.
Бізідің пікіріміз бойынша ұсыным алынып тасталуға тиіс.
4. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңында мемлекеттік БАҚ сайлау алдындағы науқанды теңгерілімді жариялауы туралы нақты ережелер бар және Орталық сайлау комиссиясына БАҚ-тың сайлау уақытындағы қызметін реттейтін заң міндеттемелерін орындауына бақылау жасау өкілеттіктерді берген (12, 27, 28-баптар). Оған дәлел ретінде Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген БАҚ құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу және Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету ережесін келтіруге болады.
Ұсыным 2004 жылдың күзіндегі Мәжіліс депутаттарының сайлауына дейінгі кезеңде-ақ орындалған, сондықтан алынып тасталуға тиіс.
5. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы (2004 ж.) Заңда электрондық дауыс беру процесінде тұрақты және нақты жазба жүргізілуі талап етілуге тиіс деп пайымдайды.
Электрондық сайлау жүйесі Қазақстан Республикасында алғаш рет 2004 жылдың күзіндегі Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауында қолданылған болатын. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның ұсынымын есекере отырып, біз оны біртіндеп енгізу қағидатын ұстанамыз.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 50-2-бабының 1-тармағында электрондық сайлау жүйесі Конституция және осы Конституциялық заң талаптарының сақталуын, оған енгізілетін және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз етуге тиіс делінген.
Электрондық сайлау жүйесін бағдарламалық-техникалық камтамасыз ету (дауыс беру туралы деректерді жазу құрылғысы) кез келген ақпаратты, енгізілу шамасына қарай, жасалған әрекетті сипаттап, енгізілу уақытын дәл көрсете отырып, автоматты түрде сақтауға мүмкіндік береді. Жүйе осындай жазбаларды криптографиялық тәсілмен қорғалған (PI-кард) дербес энергиядағы құрылғыға түсіреді. PI-кард – арнайлы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы кез келген электрондық сайлау учаскесінен нақты немесе басқа бір кандидатқа берілген дауыстарды көріп, санын санау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, осы деректерді «Сайлау» жүйесінің облыстық және орталық серверлерінде сақталатын, электрондық цифрлы қол қойылған электрондық хаттамалармен салыстыруға болады. Дау туындаған жағдайда, аталған құрылғыны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта дәлел ретінде қолдануға болады.
Бұл ретте электрондық сайлау жүйесі дауыс берудің жасырындылығын толығымен қамтамасыз етеді және кез келген сайлаушыға қалауы бойынша берген даусының дұрыс ескерілгенін тексеру мүмкіндігін береді.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы халықаралық ұйымның электрондық дауыс беру жөніндегі сарапшысына «Сайлау» ААЖ-мен толық танысу мүмкіндігін бергенін ерекше атап көрсеткен жөн.
Сонымен бірге бұл ұсыным Копенгаген құжатында бекітілген ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің міндеттемелерімен жанаспайды, дегенмен, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның осы мәселеге қатысты ұсынымын іске асыруда. Ұсыным орындалды деп есептелуге тиіс.
6. Миссия Есебінің авторлары (2004 ж.): «ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Заң Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан сайлау учаскелері бойынша түпкілікті нәтижелерді жариялауын нақты талап ету тиіс» екенін ұсынды.
Копенгаген құжатында «ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Заң Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан сайлау учаскелері бойынша түпкілікті нәтижелерді жариялауын нақты талап ету тиіс» екенін көздейтін қағида жоқ. Аталған халықаралық құқықтық актінің 7.4-тармағында «дауыстарды санау және ол туралы хабар дұрыс болуға, ал ресми нәтижелері жариялануға тиісті» деп қана айтылған. Тұтастай алғанда, бірқатар елдерде (Әзірбайжан, Грузия, Украина, Ресей) Орталық сайлау комиссиялары түпкілікті қорытындыларды учаскелік емес, округтік сайлау комиссияларының дауыстарды санауы негізінде жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 20.1-бабы сайлау комиссиялары қызметінің барынша жариялы болуын көздейді. Әрбір сайлау учаскесінде дауыс берудің түпкілікті нәтижелері жарияланып қана қоймай, кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары мен халықаралық байқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 11 қазандағы Үндеуінде учаскелер мен облыстар бойынша сайлау қорытындары жөніндегі деректер уақтылы (24 сағат ішінде) ұсынылатынын және сол деректердің Интернетте жарияланатынын айтқан болатын.
Ұсыным іске асырылды деп есептеуге болады.
7. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы өзінің Есебінде (2004 ж.): «Сайлау туралы заңға шағымдар мен апелляцияларды беру рәсімдерін, оның ішінде тиісті құзыретті органдарды және олардың ашық тәуелсіз қызметін, шағымдар мен апелляцияларды берудің және олар бойынша шешім шығарудың мерзімдерін қоса нақты айқындау туралы түзетулер енгізілуі тиіс. Заң сайлау комиссияларының апелляциялар бойынша шешімдерді қабылдаудағы міндеттерін түсіндіруге тиіс» - деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі кез келген нормативтік құқықтық актінің, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның өзге нормативтік құқықтық актілерде қайталанбауға тиіс өзінің құқықтық реттеу мәні бар. Ол сайлау процесіне қатысушылардың шағымдарын, арыздарын қарау рәсіміне де қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң оларды айқындамаған және Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулыларында неғұрлым нақты және дәл айқындалғандықтан, ондай қажеттілік те жоқ.
Сонымен бірге Сайлау туралы заңның 49-бабына сай, сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы барлық арыздар мен шағымдар келіп түскеннен кейінгі бес күн ішінде қаралуға тиіс. Сайлау комиссияларының және оның мүшелерінің шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жасалған шағымдарды жоғары тұрған сайлау комиссиялары келіп түскеннен бастап үш күн ішінде қарауға міндетті. Дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде және дауыс беру күні келіп түскен арыздар мен өтініштер дереу қаралуға міндетті. Яғни, Сайлау туралы заң сайлаумен байланысты арыздар мен шағымдарды қарау ерекшеліктерін реттейді деген сөз.
Ұсыным назарға алынуға жатпайды, себебі шағымдарды мен апелляцияларды беру рәсімдері Қазақстан заңнамасында осы ұсынымның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2004 ж. есебінде пайда болғанына дейін нақты айқындалған болатын. Тиісінше, ол алынып тасталуға тиіс.
8. Миссияның (2004 ж.) есебінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға мандаттардың саяси партияларға емес, сайланған кандидаттарға тиесілі екендігін айқындайтын түзетулер енгізген жөн деп жазылған. Атап айтқанда, Есепте сайланған кандидат, орындарды бөлудің нақты формуласына қарамастан, саяси таңдауының өзгеруіне, партияның таратылуына немесе саяси партияға қатысты сайлаудан кейінгі шешімге байланысты мандатынан айрылуға тиісті емес делінген.
Депутат мандатының партия тізімін ұсынған саяси партияға тиесілілігі болуы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарының ресми талқылануы туралы» Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 17 мамырдағы қаулысында айқындалған. Онда Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға саяси партияның таратылуы немесе партия тізімінің негізінде сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатының партия мүшелігінен шығуы негіз болып табылады деп жазылған.
Біз, сондай-ақ сайлаушылар дауыс беру процесі кезінде дауыстарын саяси тізімге енгізілген нақты кандидатқа емес, оны ұсынған саяси партияға беретініне сүйенеміз. Тиісінше, өз саяси көзқарасын өзгерткен және осы партияның қатарынан кеткен депутат өзіне дауыс берген сайлаушылардың мүддесін білдіре алмайды. Сондықтан депутаттық мандатты саяси партияға емес, кандидатқа бекіту сайлаушы азаматтардың ерік білдірулеріне нұқсан келтіреді.
Бұл ұсынымның Копенгаген Құжатының қағидаларына тікелей қатысы жоқ. Жоғарыда айтылғанның бәрі аталған ұсыным алынып тасталуға тиіс деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
9. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының (2004 ж.) пікірі бойынша сайлау процесінің аспектілеріне қатысты заң актілерінің, атап айтқанда «Саяси партиялар туралы» Заңның, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның және т.б. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкестігін қайта қарау қажет.
Аталған заң актілерінің Сайлау туралы Заңға қандай да болмасын сәйкессіздігі жоқ. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң нормалары мен «Саяси партиялар туралы» Заңның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның нормалары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заң басымдыққа ие болатынын қосымша белгілейміз. Осылайша, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі онда қаланған қағидаттар сақталатын болады.
Осы ұсынымдар да 1990 жылғы Копенгаген Құжатымен байланыстырылмаған. Ұсынылған ұсыным алынып тасталуға тиіс.
10. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Есебінде саяси тепе-теңдікті, плюралистік өкілеттікті және процеске жалпыжұрттың сенімін қамтамасыз ету мақсатында президенттік сайлауға дейін Орталық сайлау комиссиясының құрамын өзгертуді ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның нормаларына сай қалыптастырылды. Парламент Мәжілісі 2005 жылғы 13 сәуірдегі Конституцияның 56-бабының 3) тармақшасына сәйкес бес жылдық мерзімінің аяқталуына байланысты Президенттің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамын 5 жылдық мерзімге тағайындады. Орталық сайлау комиссиясының бес мүшесі әр түрлі саяси партиялардың өкілі болып табылады, атап айтқанда: Қазақстан патриоттары партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Отан» Республикалық саяси партиясы. Ұсыным іске асырылды деп есептеген жөн.
11. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Есебінің (2004 ж.) авторлары Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы науқан кезінде тұрақты және ашық отырыстарды өткізуді және шешімдерді ашықтық, айқындық және құқық нормаларын сақтау қағидаттарына сәйкес қабылдауды көздеуге тиіс деп есептейді.
Сайлау туралы Заңның 20-1-бабына сәйкес Орталық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметі жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
Сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi сайлау процесiнің барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесiнде сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру нәтижелерi анықталғанға дейiн бiр мезгiлде әрбiр кандидаттан бiр сенім бiлдiрiлген адам, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр өкiл және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, қоғамдық бiрлестiгiнен, коммерциялық емес ұйымынан бiр байқаушы және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша сайлау науқаны барысында өзінің отырыстары ен басқа да іс-шараларын БАҚ, халықаралық ұйымдардың, саяси партиялардың және Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін шақыра отырып, ашық және жария түрде өткізуде. Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәлімдемелері және басқа да материалдары БАҚ-та жарияланады, Интернеттегі www.election.kz веб-сайтына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.
Осы ұсынымның Копенгаген Құжатының міндеттемелеріне тікелей қатысы жоқ, бірақ соған қарамастан, «Сайлау туралы» заңда және Қазақстан Республикасы сайлау органдарының практикалық қызметінде іске асырылды және іске асырылуда.
12. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы (2004 ж.) сайлау комиссияларының шешімдері дер кезінде жазбаша түрде қабылданып, жұртшылықтың назарына жеткізіліп тұруын ұсынады.
Сайлау комиссиялары мемлекеттік органдар болып табылады. Өз қызметінде олар Сайлау туралы Заңмен қатар, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң нормаларын басшылыққа алады. Сондықтан сайлау комиссияларының барлық шешімдері жазбаша түрде қабылданады.
Өз кезегінде, Сайлау туралы Заңның 20-1-бабына сай, сайлау комиссияларының қызметі ашық және жария түрде жүзеге асырылуда. Сенiм бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi сайлау процесiнің барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Ешкімнің сенім білдірілген адамдарға, байқаушыларға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Сайлау туралы заңмен берілген құқықтарды шектеуге құқығы жоқ.
Бұл ұсынымның Копенгаген Құжатының міндеттемелерімен байланысы жоқ, сонымен бірге бұл ұсыным Сайлау туралы заңмен жүзеге асырылуда, оған дәлел - сайлау комиссияларының шешімдері уақтылы және жазбаша түрде қабылданған, сондай-ақ қабылдануда және жұртшылықтың назарына жеткізіліп тұрады. Ұсыным алынып тасталуға тиіс деп есептейміз.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
