| 17.11.2005 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2005 жылғы 8 қыркүйектен бастап 13 қарашаға дейін жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімдерін жасау жөнінде жұмыс жүргізді.
13 қарашада тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылар тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылды.
13-18 қараша аралығындағы кезеңде әкімдіктер мен учаскелік сайлау комиссиялары бірлесе отырып, ықтимал қателіктер мен жаңсақтықтарды жою мақсатында сайлаушылардың тізімдерін нақтылайтын болады. Осы кезеңде әрбір сайлаушы тиісті әкімдікке және сайлау комиссиясына өзінің сайлаушылардың тізімдерінде бар/жоқтығы мәселелері жөнінде жүгіне алады.
18 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін тиісті учаскелік сайлау комиссиялары танысу үшін сайлаушыларға ұсынатын болады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы барлық азаматтардың 2005 жылғы 3 желтоқсанға дейін сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмеген, дұрыс енгізілмеген немесе тізімнен шығарылған, сондай-ақ тізімдегі сайлаушы туралы деректерде қателіктер мен жаңсақтықтар жіберілген жағдайда, шағымдануға құқылы екенін естеріне салады. Сайлаушылардың билігінде әлі 17 күн бар.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 41-бабының 6-1-тармағына сәйкес «Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiміне енгізедi».
Мемлекеттік органдар сайлаушылардың тізімдерін жасау тәртібі, сайлаушылардың құқықтарын түсіндіру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізуде. Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 19 қазанда осы мәселе бойынша сайлаушыларға арнап Үндеу қабылдады.
Орталық сайлау комиссиясы, дауыс беру күні, яғни 2005 жылғы 4 желтоқсанда Байқаушылар Миссияларының есептеріне сайлау заңнамасының, сайлаушылар құқықтарының бұзылуы сияқты фактілерді енгізуі үшін, БАҚ, қазақстандық және шетелдік байқаушылардың назарын аудару мақсатында, кейбір тұлғалардың тізімдерде жекелеген сайлаушылардың жоқтығы тұрғысында шу көтеруге тырысып бағуы мүмкін болатыны туралы ақпараттар келіп түсуде екенін хабарлайды.
Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Оңалсын Жұмабеков, мемлекеттік органдардың әрбір сайлаушының сайлаушылар тізімдеріне енгізілуі үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасағанын атап көрсетті. Кімде-кім өзінің тізімдерге енгізілгеніне көз жеткізіп үлгермесе, оған уақыт әлі де жеткілікті. Сайлаушылардың тізімдерінде белгілі бір сайлаушының болмауы мемлекеттік органдардың кінәсі емес, тек сайлаушының енжарлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 11 қарашадағы Мәлімдемесінде айтылғандай, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан 44-баптың 6-тармағын алып тастау туралы мәселені зерделеу нәтижелері бойынша Орталық сайлау комиссиясы тиісті заң жобасын дайындады. Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы 14 қарашада заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдады.
15 қарашада Әділет министрлігі Үкіметтің тапсырмасы бойынша Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен осы заң жобасын пысықтап, оны ел Парламентінің қарауына енгізу үшін Үкіметке жіберді.
2005 жылғы 11 қарашада мәлімделген ниетке сәйкес, 2005 жылғы 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының өкіміммен Орталық сайлау комиссиясы жанынан халықаралық құқықты талдау және қазақстандық сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі сарапшылық жұмыс тобы құрылды.
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-на Орталық сайлау комиссиясы сарапшыларымен олардың сарапшыларының тығыз ықпалдастықта болуы туралы ұсыныс жасады.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы