| 30.11.2005 |
|
2005 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен ұйымдардың өтініш-шағымдарын қарау бойынша консультативтік-кеңесші жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР Президенттігіне кандидаттар Алихан Байменов пен Жармахан Тұяқбайдың штабтарының өкілдері қатысты.
2005 жылғы 8 қыркүйек пен 28 қараша аралығында Орталық сайлау комиссиясына азаматтар мен ұйымдардан 343 өтініш-шағым келіп түсті. Сайлау туралы заңнаманы түсіндіруге байланысты барлық шағымдар бойынша дер кезінде тиісті жауаптар берілді.
Орталық сайлау комиссиясында өтініш-шағымдар арнайы топтастырылады, тиісті мемлекеттік органдарға және сайлау комиссияларына туындап отырған мәселелер немесе орын алған кемшіліктер көрсетіле отырып хаттар дайындалады. Келіп түсіп жатқан өтініш-шағымдардың көпшілігі сайлауалды үгітті жүргізу ережелерінің бұзылуына, ҚР Президенттігіне кандидаттардың және мемлекеттік органдардың іс-қимылдарындағы заң бұзушылықтарға байланысты.
145 өтініш-шағым Бас прокуратураға, ҚР Ішкі істер министрлігіне және ҚР Әділет министрлігіне жолданды. Прокуратура органдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң нормаларын бұзуды жою туралы Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарына және Орталық сайлау комиссиясына 72 ұсыным түсірді.
Осы аптада сайлау заңнамаларының нормаларына, Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына, электрондық сайлау жүйесіне және сайлау күні дауыс беру рәсіміне түсініктеме беруді сұраған өтініш шағымдар сандық жағынан басымырақ болды.
Жоғарыда аталған өтініш-шағымдар бойынша берілген түсініктемелер тиісінше рәсімделінді және ҚР Президенттігіне кандидаттардың штабтары мен өзге сайлау үрдісіне қатысушылардың назарына қойылды.
Халықаралық сайлаушылар сайлау күні дауыс беру өткізілетін үй-жайларда аудармашылардың болу мүмкіндігі туралы мәселені көтерген болатын. Орталық сайлау комиссиясы, шетелдік байқаушылардың көпшілігінің қазақ және орыс тілдерін білмейтіндіктерін, ал, олармен бірге аудармашылардың болу мүмкіндігінің заңда айқын реттелмегенін ескере отырып, қаулы қабылдады, оған сәйкес «шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларының, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тіркеуден өткені туралы құжаты болған жағдайда, дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап және дауыс беру нәтижесі белгіленгенге дейін, жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда, олармен бірге бір аудармашының болуы мүмкін». Сайлау учаскелерінде аудармашылардың болуына рұқсат етілуі – бұл Орталық сайлау комиссиясының халықаралық байқаушыларға қолдау көрсетудегі жасаған кезекті қадамы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша ашық және әділетті сайлау науқанын жүргізуді қамтамасыз етудегі өзінің ұмтылысын одан әрі дәлелдей отырып, сондай-ақ, сайлау заңнамаларын бұзу үшін теріс пиғылды сайлау үрдісіне қатысушылардың конверттерді пайдалану мүмкіндігіне қатысты қауіптерін білдірген байқаушылар мен қоғам өкілдерінің ұсыныстарын ескере келіп, «2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру кезінде сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттерді пайдалану және дайындау туралы» қаулының күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдады.
ҚР Президенттігіне кандидаттар штабтарының өкілдері сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары мен кезекшілікте тұратын полицейлердің өзара қарым-қатынасы туралы мәселені қозғады. Орталық сайлау комиссиясы бұл мәселе бойынша тиісінше түсініктеме беретін болады.
Отырысты қортындылай келе, Орталық сайлау комиссиясы өтініштер мен шағымдары қарау жөніндегі топтың жұмысын жалғастыру туралы шешімге келді.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы