| 02.12.2005 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-1-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысына сәйкеc Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізді.
Шет мемлекеттердің өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 28 қарашадан бұрын жолданған ұсынуының 29 қараша күні келіп түсуіне байланысты, Орталық сайлау комиссиясы сол күні аккредитация мәселесіне арналған отырысын өткізіп, онда Америка Құрама Штаттарынан-17 және Грузиядан – 10, Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінен-1 шетелдік байқаушыны, сондай-ақ, Ресей Федерациясынан үш шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы негізінде Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері атынан барлығы 1 634 байқаушы тіркелді. Олардың қатарында, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясынан – 474, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Миссиясынан – 420, 26 шет мемлекеттен – 226, 8 халықаралық ұйымнан – 107 байқаушы, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 407 өкілі бар.
Ұлыбритания, АҚШ, Ресей Федерациясы және Германия Федеративтік Республикасынан келген халықаралық байқаушылар сандық жағынан басымырақ болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын әлемнің 27 елінің алдыңғы қатарлы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жария етуге ат салысатын болады. Төменде аталған елдерден келген журналисттік топтар сандық жағынан басымырақ болып отыр.
Қытай Халық Республикасынан – 15; Ресей Федерациясынан - 76; Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінен – 53; Америка Құрама Штаттарынан – 92; Түркия Республикасынан – 12; Германия Федеративтік Республикасынан – 32; Франция Республикасынан – 21;
Жапониядан – 40.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынымы бойынша ҚР Президенті сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде, облыстарда, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған жәрдемдесу Орталықтары жұмыс істеуде. Байқаушылардың елімізде болуы уақытында туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсетуі үшін жәрдемдесу Орталықтарына еріктілер (волентерлер) қатыстырылып отыр.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы