| 06.12.2005 |
|
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруда елеулі табыстарға жетті. Еркін, бәсекелі және ашық сайлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін заңнамалық және практикалық тетіктердің жүйесі қалыптасып, дамуда.
Қазақстанда әрқилы сайлау жүйелері мен олардың түрлерін қолданудың әлемдік тәжірибесі мұқият зерделеуде. Біз еліміз үшін пайдалы мүмкіндіктердің бәрін олардың ерекшеліктерін ескере отырып, пайдаланудамыз.
Соңғы жылдардың маңызды саяси оқиғасы кеше өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау болып табылады.
Елімізде осы сайлау өтер қарсаңында Президент сайлауының бұрын өткізілген барлық сайлауларының ішінде ең жоғары деңгейде өтетіні туралы толық сеніммен мәлімдеуге барлық жағдайлар жасалған болатын.
Сайлауды еркін, әділ және бәсекелі етіп өткізу мақсатында 2005 жылғы 9 қыркүйекте мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясы, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары және басқа да мемлекеттік органдар көлемді, ауқымды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Сіздерге Орталық сайлау комиссиясы заңдардың қолданылуын, сайлаушылардың құқықтарын түсіндіруге арналған бірқатар қаулыларды, мәлімдемелер мен үндеулерді қабылдағаны белгілі.
Сайлау науқанының шешуші күні – дауыс беретін күні еліміздің сайлау жүйесі нақты және жұмыла жұмыс жасады.
Мен сайлау комиссияларының мүшелеріне олардың адал қызмет атқарғаны үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Мен шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына олардың біздің елімізге деген игі ниетті көзқарасы үшін, объективтілігі үшін, сондай-ақ республикалық байқаушыларға алғыс айтқым келеді.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының жұмысын кеңінен және объективті түрде жария еткен шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс айтамын.
Қазақстан сайлау алдында өзінің ашықтығын толығымен паш етті.
Елімізге 1 600-ден астам шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік БАҚ өкілдері келді.
Халықаралық байқаушылар, оның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы кейбір халықаралық стандарттарға сәйкессіздігіне қарамастан, нағыз бәсекелі күрес жүргізілгенін, бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық өңір үшін маңызды қадамды білдіретінін атап көрсетті.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ учаскелердің 92 % -да ешқандай проблемалар болмады деген қорытынды жасады.
Сондай-ақ осы сайлау демократиялық және саяси реформалардың одан әрі дамуының маңызды кезеңі болып табылады.
Бізге шетелдік делегациялардан Президент сайлауы туралы көптеген оң пікірлер келіп түсуде, жекелеген пікірлер аса жақсы әсерде берілген.
Қол жеткізген жетістіктерімізге масаттанбай, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы табысты өтті және бұл сайлау шын мәнінде ашық, еркін, бәсекелі және әділ болды деп сеніммен айта аламын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
