| 03.12.2005 |
|
2005 жылғы карашаның 28 мен желтоқсанның 1-і күндері Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Варшаваға сапармен барып қайтты. Делегация құрамында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос, халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, сарапшылар тобының мүшесі, профессор Марат Сәрсенбаев және Орталық сайлау комиссиясы сарапшылар тобының мүшесі, профессор, «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» РҚБ өкілі Виктор Малиновский болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сарапшылар тобының бұл сапардағы мақсаты – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларымен халықаралық құқықты талдау бойынша кәсіби диалогты тереңдету және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ қатысушы мемлекет ретінде, қазақстандық сайлау заңнамаларының Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкестігін талқылау.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтерінде Орталық сайлау комиссиясының делегациясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының бірінші орынбасары Торальдво Нордбомен, сайлау департаментінің жетекшісі Джеральд Митчеллмен, сайлау бөлімі жетекшісінің бірінші орынбасары Николай Вулчановпен және сайлау жөніндегі кеңесшісі Джонатан Стоунстритпен кездесті.
Кездесу барысында екі жақты өзара мүдделерді көздейтін мәселелер талқыланды.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос ЕҚЫҰ/ДИАҚБ басшылығына Қазақстанда 2004 жылы өткен парламенттік сайлаудың қортындысы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қортынды есебінде жинақталған 24 ұсыныстың орындалғандығы туралы Анықтаманы және қажеттілікті бағалау жөніндегі Миссияның ұсынымдарын және ҚР Президенті сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының №1 аралық есебі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қортындысын табыс етті.
Өз кезегінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ басшысы ұсынылған құжаттарды зерделеуге және оған қатысты өз ойларын айтуға уәде етті.
Орталық сайлау комиссиясының делегациясы сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының елде болуы кезінде әртүрлі саяси ағымдардан болып табылатын үкіметтік емес ұйымдармен кәсіби диалогты тереңдету, байқау жүргізілетін елдің сайлау заңнамаларының негізіне халықаралық байқаушыларды алдын ала оқыту қажеттілігін атап өтті.
Кездесу қортындысында тараптар нық қалыптасқан әріптестік рухында өзара қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.
Сондай-ақ Варшаваға сапар барысында Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Польша Республикасының мемлекеттік сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесті. Екі елдің сайлау жүйелерінің ерекшеліктері туралы кәсіби пікір алмасу болды.

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы