| 08.12.2005 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің kub. кz сайтында Оңалсын Жұмабековтың атынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р. Жақсыбековке жазылған жалған «хаттың көшірмесін» орналастыру жөніндегі мәлімдемесі
2005 жылғы 8 желтоқсанда «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы өкілдерінің баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р. Жақсыбековке хат жібергені туралы айтылған және таратылған, онда «ОСК басшысы Оңалсын Жұмабеков Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р. Жақсыбеков мырзаға сайлау қорытындыларын жария ету мерзімдерін 2005 жылғы 6 желтоқсанға сағат 23.00-ге ауыстыруға келісім беру туралы өтінішпен жүгінген-мыс».
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі осы іс-әрекеттерді Орталық сайлау комиссиясының беделін түсіруге бағытталған арандату және өрескел бұрмалау фактісі ретінде қарастырады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы арандатушы жалған хаттың авторларын анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүгінді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз қызметі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
