| 16.03.2006 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанының барысы туралы хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес қазіргі кезде елімізде 14 облыстық, 18 қалалық және 79 аудандық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына депутаттар сайлауды дайындау және өткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сайлау 14 облыс пен Алматы қаласының 111 сайлау учаскелерінде өтеді.
Мәслихаттар депутаттары өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуының негізгі себептері - мемлекеттік қызметке ауысуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кетуі, кейбір депутаттардың қайтыс болуы.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарына депутаттар сайлауды тағайындау және ұйымдастыру аумақтық сайлау комиссияларының құзіретіне жатады.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 11 облыс пен Алматы қаласында шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды 9 сәуірге, 2 облыста (Атырау және Жамбыл облыстарында) - 16 сәуірге, 1 облыста (Павлодар облысында) - 19 наурызға тағайындады
Республика өңірлерінде сайлауға дайындық шаралары аумақтық сайлау комиссиялары бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22 бабының 2 және 5 тармақтарына сәйкес, сайлау округтері мен учаскелерінің шекаралары, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы тиісті мағлұматтар облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы жарияланды.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 103 бабына сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсынуды белгіленген тәртіп бойынша тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттыққа барлығы 344 кандидат ұсынылды. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұсынғандар.
"Отан" республикалық саяси партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, "Асар" республикалық партиясы, Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" демократиялық партиясы, Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясы өз кандидаттарын ұсынды.
Сонымен қатар, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну нәтижелері саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің саны жағынан ең ауқымды өкілетті билік органдарына депутаттар сайлау науқанына жеткілікті мүдделілік пен белсенділік танытпай отырғанын көрсетеді.
Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. 14 наурыз күнгі жағдай бойынша 195 кандидат тіркелген. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 104 бабының 8 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Сайлау заңнамалары талаптарына сай, жергілікті атқарушы органдар аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, депутаттыққа кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыратын орындарды анықтады, сондай-ақ кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыратын орындар айқындалуда.
Сайлау учаскелерін әзірлеу, оларды қажетті құралдармен және материалдармен жабдықтау жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне ұсыну үшін сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. Алдын - ала мәліметтер бойынша 569 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар саны 453752 адам. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24 бабының 5 тармағына сәйкес, тиісті әкім қол қойған тізімдер тиісті сайлау учаскелеріне дауыс беру күніне жиырма күн қалғанда акт бойынша ұсынылуы керек.
Республика бойынша "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру және кезең - кезеңмен енгізу жөніндегі жұмыстар, 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасы президентін сайлау барысында жинақталған тәжірибені ескере отырып, жалғастырылуда. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы өзінің 2006 жылғы 9 наурыздағы отырысында шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында "Сайлау" ААЖ пайдалануға қатысты бірқатар сұрақтарды қарады.
Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен шығып қалғандардың орнына Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2006 жылғы 9 сәуірге тағайындалған сайлауын өткізу кезінде дауыс беру қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерін пайдалану арқылы жүргізілетін, сондай-ақ электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерінің тізбесі айқындалы.
Маңғыстау облысының екі және Солтүстік Қазақстан облысының төрт сайлау учаскесінде сайлаушыларға қағаз не электрондық сайлау бюллетеньдермен дауыс беру тәсілін таңдау мүмкіндігі берілетін болады, ал төрт сайлау учаскесінде (Қарағанды облысының екі, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бір - бірден) мәслихаттар депутаттарын сайлау тек электрондық сайлау жүйесін пайдалану арқылы ғана өтеді.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарын сайлау күні дауыс беруді ұйымдастырудың кейбір рәсімдік сұрақтарын нақтылады.
Дауыс беру қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылған сайлау учаскесі орналасқан бөлмеде, дауыстарды санау аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнінде қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерімен дауыс берген сайлаушылар дауыстарын санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамаларының, сондай - ақ жиынтық хаттаманың көшірмелері бір мезгілде ілінеді.
Дауыстарды санау кезінде қатысқан тұлғаларға бұл хаттамалардың көшірмелері олардың өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамаларында көзделген тәртіпте беріледі.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінің бір бөлігінде электрондық бюллетеньдердің пайдаланылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары мен үлгілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Облыстық, Алматы қалалық сайлау комиссиялары әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілген.
Аумақтық сайлау комиссиялары төмен тұрған сайлау комиссиялары мүшелерімен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізе бастады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
