| 19.04.2007 |
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Дамыту бағдарламасы, ортақ "Халықтың электоралдық мәдениетін көтеру" жобасы шеңберінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау белсенділігін көтеруге бағытталған жобалардың конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Халықтың электоралдық мәдениетін көтеру арқылы азаматтық қатысу деңгейін жоғарылатуға жәрдемдесу.
Конкурсқа қатысуға, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес тіркелген, азаматтық білім беру саласында/электоралдық үрдісте барабар тәжірибесі бар, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.
Өтінімдерді қабылдау ақпарат таратылған сәттен басталады және 2007 жылғы мамырдың 7 күнгі сағат 18.00-де аяқталады.
Толық ақпаратты Қазақстандағы БҰҰ Дамыту бағдарламасының www.undp.kz сайтынан және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz сайтынан немесе erlan.aliev@undp.org электрондық поштасы бойынша алуға болады.
Байланыстағы адам: "Халықтың электоралдық мәдениетін көтеру" жобасының менеджері, Ерлан Әлиев, тел.: (3172) 592809.
Қазақстан Республикасында халықтың сайлау белсенділігін көтеруге бағытталған жобалардың конкурсы жөнінде ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1. Жалпы ақпарат
Конкурсқа ұсынылатын жобалар төмендегідей бір немесе бірнеше бағыттарды қамтуы тиіс:
1. Мынадай бағыттарда тиімді ақпараттық науқандар өткізу:
2. Сайлаушыларды хабарландырудың және оқытудың жаңа әдістерін қолдану.
3. Сайлаушыларды оқыту саласында азаматтық қоғамның ұйымдары, биліктің жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті сайлау комиссиялары арасында өзара әрекеттесу практикасын игеру.
Конкурстың қорытындысы бойынша, қаржылай қолдау алатын, жақсы жобалар сұрыпталып алынады.
Грант сомасы 10 мың АҚШ долларынан аспауы керек.
Жобаларды жүзеге асыру мерзімі 5 айдан аспауы тиіс.
Өтінімдерді қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынуға болады.
2. Өтінімдерді ұсыну мерзімі
Өтінімдер 2007 жылғы мамырдың 7 күнгі сағат 18.00-ге дейін мынадай электрондық пошта: erlan.aliev@undp.orq немесе мынадай: 010000, Астана, Бейбітшілік 4, 716-кабинет - мекен-жай бойынша қабылданады.
Назар аударыңыздар! Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
Конкурсқа ықтимал қатысушылар конкурстың мәні жөнінде, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанша, жоғарыда көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайы бойынша анықтаушы сұрақтар бере алады.
3. Өтінімдерді қарау
Жоба шеңберінде қаржыландырудан үміттенуші өтінімдерді сұрыптап алуды және бағалауды, Ортсайлаукомның, БҰҰ Дамыту бағдарламасының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардан құрылатын, Сараптау кеңесі іске асырады.
Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат www.election.kz және www.undp.kz сайттарында орналастырылатын болады.
Өтінімдерді қарау үрдісі барысында өтінім ұсынушылардан қосымша ақпарат сұралуы мүмкін.
Назар аударыңыздар! Ұсынылған өтінімдердің материалдары кері қайтарылмайды.
4. Өтінімдерді сұрыптаудың белгілері
Оценка представленной заявки будет осуществляться на основе ее соответствия указанным ниже критериям:
Ұсынылған өтінімді бағалау оның төменде көрсетілген белгілерге сәйкестігі негізінде іске асырылатын болады:
1. Өтінімнің конкурстың мақсаттары мен шарттарына сәйкестігі.
2. Жобаны жүзеге асырудың ұсынылған әдіснамасының айқындығы мен дәлелділігі.
3. Ұқсас қызметтегі ұйымдастыру тәжірибесі.
4. Жоба нәтижелерінің өріс алуына таңдап алынған тәсілдің тиімділігі.
5. Жобаны табысты іске асыру үшін қажетті өзіне меншікті қаржысы болуы.
6. Жоба бюджетінің нақтылығы.
7. Жобаны жүзеге асыруға өзінің қосатын үлесі.
8. Жобаны жүзеге асыруға тартылатын қызметкерлер мен сарапшылардың біліктілігінің деңгейі.
9. Жобаны биліктің жергілікті органдарының қолдауы.
5. Өтінім құрылымының сипаттамасы
1.ТИТУЛДЫҚ ПАРАҚ:
2. ӨТІНІМ ҰСЫНУШЫНЫҢ ОСЫ САЛАДАҒЫ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
3. ЖОБАНЫ НЕГІЗДЕУ
4. ЖОБАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: АЛДЫҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ
6. ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
7. САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ СИПАТТАРЫН КӨРСЕТУМЕН, КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
8. НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
9. ЖОБАНЫҢ БЮДЖЕТІ
10. БЮДЖЕТКЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
11. ҚОСЫМШАЛАР
Назар аударыңыздар! Өтінімнің жалпы көлемі 12 беттен аспауы тиіс.
Назар аударыңыздар! Жобаларды жүзеге асыру 2007 жылғы 15 қараша күніне аяқталуы керек.
Назар аударыңыздар! Жобаның шеңберіндегі жұмыс басқа донорлар қаржыландыратын ұйымның қызметін қайталамауы тиіс.
Мәселелер туындаған жағдайда, "Халықтың электоралдық мәдениетін көтеру" жобасының менеджері, Ерлан Әлиевке, erlan.aliev@undp.org тел./факс: (3172) 592809, жүгінуді өтінеміз.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
