| 08.12.2005 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткізілген Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауына байланысты мынаны мәлімдейді:
Орталық сайлау комиссиясы мен барлық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының басты міндеттері ретінде:
- Қазақстан Республикасы Президентінің еркін, әділ, бәсекелі және ашық сайлауын өткізу;
- сайлау науқанына қатысушылардың барлығының сайлау заңнамасының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
- азаматтардың сайлау құқықтарын түсіндіру және оларды іске асыру үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау;
- Орталық сайлау комиссиясынан бастап, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
- сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету, сайлаушылардың тізімдерімен танысу және азаматтың тізімде болуын тексеру мүмкіндігін беру, сайлаушылар тізімдеріндегі қателіктерді шұғыл түзету;
- «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесін қолдану жөнінде ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу, сайлаушының электрондық дауыс беру мен қағаз бюллетеньнің арасынан таңдау құқығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың барлығына тең жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- шетелдік және жергілікті байқаушылардың қатысуын және олармен жүргізілетін жұмыста ашықтықты қолдау;
- сайлау науқанын әзірлеу және өткізу барысы туралы жұртшылықты шұғыл және кеңінен хабардар ету айқындалған болатын.
Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі барлық іс-шаралар мен міндеттемелерді орындады.
2005 жылғы 5 желтоқсаннан Орталық сайлау комиссиясының ресми веб-сайтында облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау учаскелері бойынша сайлау қорытындылары жөніндегі деректерді орналастыру басталды және аяқталуда.
Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясы, басқа да сайлау комиссиялары азаматтардың, барлық сайлау процесіне қатысушылардың өтініштері мен арыздарын қарауға көңіл бөлді. Барлық келіп түскен өтініштер дер кезінде шешімін тапты, олар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Жоғарғы сотта және жергілікті соттарда сайлау процесіне қатысушылардың шағымдары бойынша бірқатар істер қаралды.
Орталық сайлау комиссиясы мен басқа да мемлекеттік органдар арыздар, өтініштер, сондай-ақ сот органдарына түскен шағымдар бойынша қорытындылар дайындауда.
Сайлау науқанының барысында сайлау заңнамасын бұзушылықтар да орын алды, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды.
Орталық сайлау комиссиясы мен уәкілетті мемлекеттік органдар сайлау күні - 2005 жылғы 4 желтоқсанда дауыстарды санау мен хаттамаларды жасау кезінде сайлау заңнамасының бұзылғаны туралы хабарларға ерекше көңіл бөлуде.
Жауапты лауазымды адамдардың сайлау заңнамасын бұзу фактілері анық және дәлелді болған кезде оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілетін болады.
Сайлауды өткізу тәжірибесі бірде-бір мемлекетте, бірде-бір сайлаудың кемшіліксіз болмайтынын көрсетеді.
Сайлау науқаны кезінде орын алған жекелеген кемшіліктер тұтастай сайлау процесіне әсер ете алмайды.
Көптеген шетелдік делегациялардың, Парламентарийлердің, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің пікірлері бойынша 2005 жылғы 4 желтоқсандағы Президент сайлауы біздің еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Копенгаген құжатында бекітілген халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған демократиялық институттар мен сайлау рәсімдерін дамыту жолында алға басқан үлкен қадамы болды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
2005 жылғы 8 желтоқсан

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы