| 08.06.2007 |
|
«Время» газетінің 2007 жылғы 23 мамырдағы 63 санында берілген «Сайлау» ААЖ-сін санаулы минутта бұзуға болады» мақаласы
Жақында Алматыда тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесі, Орсайлауком мен Әділетмині, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің саяси партиялары өкілдерінің қатысуымен өткен халықаралық конференциясы барысында қазақстан өкіметі өкілдерінің берген бағасы бойынша «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесінің арқасында Қазақстан сайлауда бұрмалау болуы туралы алаңдамауына болады.
Ресейліктер бұл тұжырымға күдікпен қарайды. Онда электрондық бюллетенмен эксперимент бір жыл жасалып жатыр.
Шынымен біздің «электрондық сайлау жәшігі» әлемдегі ең мүлтіксіз туынды ма? ОСК-ның бұрынғы басшысы, қазір әділет министрі Зағипа Бәлиеваның айтуынша электрондық-цифрлық қол қою бұл жүйені бұзу мүмкін емес екеніне кепілдік береді.
Ал, хакер-әуесқой Ермек Нарымбаев олай санамайды.
Оның айтуынша, «Сайлауды» істен шығаруға оған бар жоғы бірнеше минөт жеткілікті.
- Әрине, адам факторын естен шығармау керек, - дейді Ермек, – бір бұзақы таңертең сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілерге арналған кабинкада кандидаттар тізіміндегі штрихкодты шарикті қаламмен ауыстырып тастаса, сол жеткілікті. Бір сызықты өзгерту арнайы қондырғымен ақпарат есептеуді жаңылдырады.
- Сіз бұзу технологиясын жүйелеп баяндай аласыз ба?
- Мұны сымсыз байланыс арқылы істеуге болады. Кәдімгі ноутбуктің көмегімен хабар беру каналына қосылу жеткілікті, ақпаратты ұстайсың. Содан кейін санаулы секунд ішінде маниторда дауыс санау деректерін өзгертесің де, Астанаға орталық серверге жібересің. Уақыт бойынша жіберілген қателіктерді желідегі кернеуге жаба салады. Бізде Алматыда бұл үйреншікті жағдай. Айта кетейін, Лондон биржасында хакерлер ақпаратты бір секунд ішінде санап, сол жерде деректерді брокерге бере алады.
- ОСК мамандары «Сайлау» «Қазақтелекомның» жеке байланыс каналы бойынша жұмыс істейді және оған Интеренет арқылы кіру мүмкін емес деп пайымдайды...
- Бұл шындыққа ұласпайды. Сіз өзіңіз Алматыдан Астанаға дейін ұзақ километрлі оптикалық-талшықтық кабел бойында әрбір жарты метр сайын арнайы қызмет қызметкерлері тұратынын елестете аласыз ба? Мен – елестете алмаймын.
- ОСК бұрынғы басшысы Зағипа Бәлиева С-3 құпия бағдарламасы «Сайлау» автоматтандырылған жүйесіне рұқсатсыз кіруден қорғайды деп пайымдайды...
- Біз өзіміздің Z-5 бағдарламасын жасадық, ол «Сайлау» жүйесінің алгоритімін оп-оңай ауыстыра алады. Оның көмегімен кез келген сайлау учаскесін санаулы минөт ішінде блокадалауға болады. Мен ОСК-мен бәс тіге аламын. Олар кез келген бір учаскеде экспериментті сайлау өткізсін, ал біз «Сайлауды» санаулы минут ішінде бұзамыз және бұл жүйедегі «тесік» тізімін көрсетеміз. Алғашында 100 долларға бәстесуге болады. Айтпақшы, Алматыда «электронды сайлау жәшігінің» тұсау кесерінде мен бұны Бәлиева ханымға айттым, бірақ ол мені тыңдағысы келмеді.
- Сіз қандай нақты «тесік» туралы айтып отырсыз?
- «Сайлаудың» техникалық паспортын оқыдым, онда бұрмалау мүмкіндігінен сақтайтын кепілдік мүлдем жоқ екенін байқадым. Электрондық жүйеге қызмет көрсететін мамандар электрондық дауыс беру қорытындысын өз білгенінше бағдарламалай алады. Мысалы, А мен Б кандидаты сайлауға қатысады. «Жоғарыда» Б-ның жеңіп шығуын қамтамасыз ету міндеті қойылған. Машинаға А кандидатқа 300-ден аспайтын дауыс беру, қалғанының барлығы тиісінше В кандидатқа дауыс беретіндей бағдарлама қойылады. Машина бағдарламаланған тәртіпте А мен В кандидаты үшін пин-кодын анықтайды. А кандидатқа берілген дауыс 300-ден асса сайлаушының оған дауыс берген пин-коды жаңадан қайта басталады. Мұнда бір пин-код бірнеше сайлаушыға берілуі мүмкін, ал сайлаушылар бұл туралы ештеңе де білмейді. А кандидатқа 301-ден бастап ары қарай берілген дауыстар Б кандидатының активіне қосылады. Сонымен, Б кандидат сөзсіз жеңіп шығады.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
