| 24.10.2008 |
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2008 жылғы 24 қазандағы № 151/292
қаулысына қосымша
Орталық сайлау комиссиясының
2008 жылғы 24 қазандағы № 151/292
қаулысына қосымша
Қазақстан халқы Ассамблеясы шығып қалғанның орнына сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлаудың қорытындылары туралы хабар
2008 жылғы 23 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы шығып қалғанның орнына сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау болып өтті.
Сайлаушылардың тізіміне 382 азамат енгізілді, олардың ішінен 331 адам немесе 86,6 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сайлауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 1 кандидат қатысты.
Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 306 дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып 1946 жылы туған, болгар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының консультанты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның болгар мәдени орталығының басшысы, Астана қаласында тұратын Олег Григорьевич Дымов сайланды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
