| 05.04.2010 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі 2010 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қазіргі құрамының өкілеттік мерзімі аяқталатынын хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 11-бабы 2-тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Төрағадан және комиссияның алты мүшесінен тұрады.
Конституцияның 44-бабы 7-тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Конституцияның 57-бабы 1-тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына екі мүшеден бес жыл мерзімге қызметке Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі дербес тағайындайды.
Ортсайлауком мүшелігіне кандидаттарды пленарлық отырыста Парламент Палатасының төрағасы ұсынады.
Заңнамаға сәйкес Ортсайлаукомның жаңа құрамының алғашқы отырысын Төраға ол қалыптасқаннан кейінгі он төрт күн ішінде шақырады. Төрағаның орынбасары мен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
