| 28.12.2010 |
|
Референдумның бастамашыл тобын және оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесін тіркеу туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 13, 14 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2010 жылғы 27 желтоқсанда референдумның бастамашыл тобын және республикалық референдумға ұсынылып отырған: «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктер мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» мәселеcін тіркеді.
Референдумның бастамашыл тобына референдумның бастамашыл тобын және оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесін тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары берілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
