| 15.09.2011 |
|
2011 жылғы 15 қыркүйекте Рига қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұлов пен Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Арнис Цимдарс Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды әрі уақтылы жасалған қадам болып табылады.
«Ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңейтілген форматы біздің елдеріміздің ортақ демократиялық игілігі болып табылатын идеалдар мен ұстанымдарды іске асыруға және қорғауға мүмкіндік беретін болады. Біз үшін олардың негізгілері – азаматтардың конституциямен бекітілген сайлау және сайлану құқығы.
Латвия мен Қазақстанның сайлау органдарының азаматтардың сайлау құқығын іске асыру, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыру, өткізу және құқықтық реттеу саласында жинақтаған тәжірибесі орасан зор. Оны терең зерделеп талдау тек ұлттық сайлау заңын дамытудың ұтымды әдістері мен жолдарын анықтап қана қоймай, демократиялық сайлау үрдісінің жалпы дамуына да айтарлықтай ықпал ете алады»,- деп атап өтті өз сөзінде Қуандық Тұрғанқұлов.
Сондай-ақ тараптар бұл құжатқа қол қою сайлау процесі саласында қазақстан-латвия ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін береді, және оның басты ерекшелігі - екі елдің сайлау органдарының арасында нақтылы серіктестікке, тікелей қарым-қатынастарға көшу болады деген сенімдерін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
