| 25.10.2011 |
|
Ақпараттық хабарлама
2011 жылғы 25 қазанда Сеул қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының Төрағасы Ким Нунг-Хван Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясы арасындағы сайлауды әкімшіліктендіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Құжаттың негізгі мақсаты – сайлауларды ұйымдастыру саласында өзара ынтымақтастық орнату, сондай-ақ ақпараттармен, технологиялармен және тәжірибемен алмасу үшін жағдай жасау.
Оның сыртында, тараптардың пікірі бойынша, ынтымақтастықтың жаңа форматы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының ортақ демократиялық игілігі болып табылатын идеалдар мен ұстанымдардың жүзеге асырылуы мен қорғалуын мейілінше тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
Қуандық Тұрғанқұлов пен Ким Нунг-Хван Меморандумға қол қою сайлау процесі саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығына жаңа серпін береді және оның басты ерекшелігі - екі елдің сайлау органдарының арасында нақтылы серіктестікке, тікелей қарым-қатынастарға көшу болады деген сенімдерін білдірді.
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы делегациясының сапары біздің кореялық әріптестеріміз ұйымдастырып отырған екі маңызды халықаралық шараның: азиялық сайлау органдары Ассоциациясы Бас Ассамблеясы мен Дүниежүзілік сайлау органдары Ассоциациясын құру бойынша форум қарсаңында өтіп отыр. Біз бұл шаралардың табысты өтетініне сенімдіміз және өз тарапымыздан Дүниежүзілік сайлау органдары Ассоциациясының қалыптасуына және қызметіне барынша ықпал етуге әзірміз», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
