| 27.10.2011 |
|
Ақпараттық хабарлама
Бүгін, 2011 жылғы 27 қазанда Сеул қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов бастаған делегация азиялық сайлау органдары Ассоцияциясы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты.
Азиялық сайлау органдары Ассоцияциясы (АСОА) 1998 жылы құрылған. Оның мақсаты Азиядағы демократиялық процестерді азиялық елдердің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, ақпарат және тәжірибе алмасу, сайлауларды байқау, сайлауға әкімгершілік ету сұрақтары бойынша консультациялар өткізу арқылы кеңейту болып табылады.
Ассамблеяда үш жылда бір рет өткізіліп отыратын Бас Ассамблеялар аралығында АСОА-ның басқарушы органы болып табылатын Атқарушы кеңестің жаңа құрамы сайланды.
АСОА Төрағасы болып Корея Республикасының Ұлттық сайлау комиссиясы, төрағаның орынбасары болып – Индияның Сайлау комиссиясы сайланды. Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының Төрағасы Нунг-Хван Ким мырзаның ұсынысы бойынша Филиппин мен Тайванның орталық сайлау органдарымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы үш жыл мерзімге Атқарушы кеңестің мүшесі болып сайланды.
Атқарушы кеңестің құрамы тең географиялық өкілдік принципі негізінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Орталық-Азия өңірінен өкіл ретінде сайланды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 27 қазан
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
