| 30.12.2011 |
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 78/144
қаулысына қосымша
Орталық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды мынадай құрамда тіркеді:
| 1 | Алиев Жұматай | 20.06.1952 ж., қазақ, «Тұрлаулы Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы, Орталық Азия университетінің Қамқоршылық кеңесі төрағасы, профессор, Алматы қаласында тұрады |
| 2 | Ахмадиев Мурат Абдуреимович | 12.01.1950 ж., ұйғыр, Республикалық ұлттық ұйғыр орталығы басқармасының мүшесі, соңғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады |
| 3 | Каппель Егор Яковлевич | 24.11.1957 ж., неміс, Қазақстан немістерінің "Возрождение" қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының Немістер кеңесі мүшесі, соңғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады |
| 4 | Ким Роман Ухенович | 08.05.1955 ж., корей, Қазақстан корейлері қауымдастығының президенті, Алматы қаласында тұрады |
| 5 | Мурадов Ахмет Сейдарахманович | 20.07.1951 ж., шешен, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Алматы қаласында тұрады |
| 6 | Нестерова Надежда Дмитриевна | 03.11.1952 ж., орыс, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысы бойынша төрағасының орынбасары, Тараз қаласында тұрады |
| 7 | Саяпова Зухра Алеутдиновна | 06.02.1951 ж., татар, «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрайымы, Астана қаласында тұрады |
| 8 | Тимощенко Юрий Евгениевич | 08.06.1962 ж., украин, «Оберег» Украин ұлттық-мәдени орталығының директоры, «Рада» Қазақстан украиндары одағының басшысы, Астана қаласында тұрады |
| 9 | Халмурадов Розакул Сатыбалдиевич | 01.05.1941 ж., өзбек, «Дустлик» республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы, соңғы жұмыс орны - IV шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады |
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
