25.06.2007 |
![]() |
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, кезектен тыс партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімінің нысанын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, кезектен тыс партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімінің нысаны белгіленсін.
2. «1999 жылғы 10 қазанда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерінің нысанын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/208 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына кезектен тыс партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауды өткізуді ұйымдастыру үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 25 маусым
№90/170