25.06.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республи-касының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комис-сиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін мына баспаханалар айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі:
Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін - «Астана полиграфия» АҚ;
Қарағанды, Павлодар облыстары үшін - «Арко» ЖШС;
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары үшін - «Дастан» Батыс Қазақстан баспа-полиграфиялық корпорациясы» ЖШС;
Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары үшін - «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің қорғалулық дәрежесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерінің дер кезінде дайындалуын және сайлау учаскелеріне жеткізілуін қамтамасыз ететін болсын.
4. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 25 маусым
№90/173