25.06.2007 |
![]() |
Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 12-бабының негізгі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының:
1) Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасының (1-қосымша);
2) Дауыс беру пункті ашу туралы сайлау комиссиясы хаттамасының (2-қосымша);
3) Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы сайлау комиссиясы шешімінің (3-қосымша);
4) Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау участкелерінің тізбесін бекіту туралы сайлау комиссиясы шешімінің (4-қосымша);
5) Саяси партияға қағаз сайлау бюллетеньдерімен дауыс беру кезіндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы участкелік сайлау комиссиясы хаттамасының (5-қосымша);
6) Саяси партияларға электрондық сайлау бюллетеньдерімен дауыс беру кезіндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасының (6-қосымша);
7) Саяси партияға қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерімен дауыс кезіндегі хаттамалардың деректері бойынша дауыстарды санаудың нәтижелері туралы участкелік сайлау комиссиясы хаттамасының (7-қосымша);
8) Партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің нәтижелері туралы аудандық, калалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясы хаттамасының (8-қосымша);
9) Партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің нәтижелері туралы облыстық, Астана, Алматы қалалары сайлау комиссиясы хаттамасының (9-қосымша);
10) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжелісінің депутаттарын сайлау жөнінде дауыс берудің нәтижелері туралы сайлау комиссиясы хаттамасының (10-қосымша);
11) Партиялық тізімді тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хаттамасының (11-қосымша);
12) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынатын кандидаттарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хаттамасының (12-қосымша);
13) Партиялық тізімге енгізілген адамның Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылған тараптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хаттамасының (13-қосымша);
14) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Коснтитуциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хаттамасының (14-қосымша);
15) Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің (15-қосымша);
16) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің (16-қосымша);
17) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімінің (17-қосымша);
18) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген кандидаттың куәлігінің (18-қосымша);
19) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандыдаттың куәлігінің (19-қосымша);
20) Саяси партияның сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамасының (20-қосымша);
21) Саяси партияның сенім білдірген адамы куәлігінің (21-қосымша);
22) Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымының халықаралық байқаушысы куәлігінің (22-қосымша);
23) Азаматтың оны партиялық тізімге енгізуге келісім туралы өтінішінің (23-қосымша);
24) Азаматтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандыдат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішінің (24-қосымша);
25) Партиялық тізімге енгізілген адамның өмірбаяндық деректерінің (25-қосымша);
26) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандыдаттың өмірбаяндық деректерінің (26-қосымша);
27) №1 нобай бойынша хабардың (27-қосымша);
28) №2 нобай бойынша хабардың (28-қосымша);
29) №3 нобай бойынша хабардың (29-қосымша);
30) №4 нобай бойынша хабардың (30-қосымша) нысандарды белгіленсін.
2. «Үшінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары мен үлгілері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 маусымдағы №108/131 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 25 маусым
№90/167