27.06.2007 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1-тармағына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген №870, «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2936, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 22 маусымдағы № 109/133, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3498, «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 14 ақпандағы № 153/219, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3797, «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 8/16 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «және әкімдерді» деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесінде:
атауында және бүкіл мәтін бойынша «және әкімдерді» және «әкімдер» деген сөздер алынып тасталсын;
бүкіл мәтін бойынша «(сайлау блогына)», «(сайлау блогының)» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
«Парламент» деген сөзден кейін «Сенаты» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақшада «кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының» деген сөздер «Президенттікке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «, саяси партия партиялық тiзiмдi керi шақырып алғанда немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
7- және 8-тармақтарда «Парламент» деген сөзден кейін «Сенаты» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақта:
«осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзац алынып тасталсын;
1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы ресми тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 25 маусым
№91/182
№4784 04.07.2007 ж.