03.07.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушылары мен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін әзірленген оқу курстарының бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сайлау процесіне қатысушылары мен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін әзірленген оқу курстарының үлгі бағдарламалары (бұдан әрі – оқу курстарының бағдарламалары) бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасындағы сайлау мен референдумдар (№ 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу (№ 2 қосымша);
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу (№ 3 қосымша).
2. Оқу курстарының бағдарламалары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында орналастырылсын.
3. Оқу курстарының бағдарламалары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оларды мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне орта мектептердің жоғарғы сыныптары мен білім беру мекемелерінің Қазақстан Республикасының сайлау құқығы негіздері бойынша оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өңірлер бойынша бас сарапшы өкілдеріне жіберілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопковаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 3 шілде
№92/185