03.07.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 3 шілде
№92/184