03.07.2007 |
![]() |
«Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 3 қазандағы № 74/143 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 3 қазандағы № 74/143 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін жіберу ережесі қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
2) аталған қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 3 шілде
№92/186