| 25.09.2025 |
|
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының
орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау – 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Жоғарыда көрсетілген облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2025 жылғы 25 қыркүйек
№ 25/37
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
