14.07.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мөрлері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/207 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мөрлерінің мынадай нысандары белгіленсін:
1) облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы мөрінің нысаны - мөрдің шеңбері бойынша «Қазақстан Республикасы. ______________________ облысы. Округтік сайлау комиссиясы.
№ ___ округ» деп жазылған, диаметрі 40 мм, елтаңбалы, дөңгелек мөр;
2) аудандық (қалалық) мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы мөрінің нысаны - мөрдің шеңбері бойынша «Қазақстан Республикасы. _______________________ облысы. ________________________ ауданы (қалаcы). Округтік сайлау комиссиясы. № ___ округ» деп жазылған, диаметрі 40 мм, елтаңбалы, дөңгелек мөр»;
6-, 7-тармақтар алынып тасталсын.
2. Облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиялары облыстық, аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мөрлерін облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы округтер санына сәйкес әзірлесін.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 14 шілде
№94/194