| 27.08.2025 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
О.Е. Нұралдиновты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ Ұлттық кеңесінің 2025 жылғы 26 тамыздағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының» мүшесі Олжас Елтайұлы Нұралдиновке берілсін.
2. Олжас Елтайұлы Нұралдинов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Олжас Елтайұлы Нұралдиновке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы м.а. |
А. Айманақұмов |
Астана қаласы
2025 жылғы 27 тамыз
№ 20/30
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
