18.07.2007 |
![]() |
Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушылары қоса беріліп отырған тізімге сай аккредиттелсін.
2. Халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопковаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 18 шілде
№97/202