19.07.2007 |
![]() |
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.
3. 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы ереже бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 19 шілде
№98/203