24.07.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі-нің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/167 қаулысына 20-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 24 шілде
№100/209