24.07.2007 |
![]() |
2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің санын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республика-сындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса ала отырып, әзірленуге және сайлау учаскелеріне жеткізілуге жататын сайлау бюллетеньдерінің саны:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі – 8896173 (сегіз миллион сегіз жүз тоқсан алты мың, жүз жетпіс үш) дана;
2) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлау жөніндегі – 16664704 (он алты миллион алты жүз алпыс төрт мың жеті жүз төрт) дана болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 24 шілде
№100/207