| 27.02.2025 |
|
2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының
орнына сайлауда облыстың мәслихаты депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстың мәслихаты депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламамен баяндау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 100 000 (жүз мың) теңге.
2. Осы қаулы Ақтөбе облысының сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Ақтөбе облысының сайлау комиссиясы осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2025 жылғы 27 ақпан
№ 8/10
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
