24.07.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 86/159 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 86/159 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 86/159 қаулысына 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 24 шілде
№100/208