| 12.11.2024 |
|
2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлауда облыстардың, Астана және
Шымкент қалаларының мәслихаттары депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстардың, Астана және Шымкент қалаларының мәслихаттары депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 100 000 (жүз мың) теңге.
2. Осы қаулы Астана және Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстардың, Астана және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 12 қараша
№ 52/64
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
