| 08.10.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазандағы
республикалық референдумда
дауыс беру қорытындылары туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынған хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдумның дауыс беру қорытындылары бекітілсін:
1) референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 12 284 487;
2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 7 820 204 немесе 63,66 процент;
3) референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 5 561 937 немесе дауыс беруге қатысқандардың 71,12 проценті;
4) референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 2 045 271;
5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 130 267.
2. «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» мәселесі бойынша референдум өткізілді деп саналсын, өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысты.
3. Референдумға қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналсын, өйткені дауыс берудің нәтижесінде оның оң шешімін жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді.
4. Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындылары туралы ресми хабарының мәтіні қосымшаға сәйкес бекітілсін және хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 8 қазан
№ 48/60
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
