| 17.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда
азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша
тіркеу туралы
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 20)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу алгоритмі бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп, азаматтарды тіркеу үшін қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін референдум учаскелерін айқындасын, 2024 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу үшін азаматтарды қабылдауды іске асырсын.
4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
А. Оразбек |
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Сәденов |
Астана қаласы
2024 жылғы 16 қыркүйек
№ 41/52
Астана қаласы
2024 жылғы «17» қыркүйек
№ 558/НҚ
Астана қаласы
2024 жылғы «17» қыркүйек
№ 697
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
