| 17.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда
«электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері
жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін (бұдан әрі – Онлайн-сервис) іске асыру алгоритмі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары облыстардың тиісті аумақтық референдум комиссияларымен бірлесіп, Онлайн-сервис жұмыс істейтін дауыс беруге арналған учаскелерді айқындасын.
3. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссиялары учаскелік референдум комиссияларының екі мүшесін айқындасын (қолданыстағы ЭЦҚ, мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефоны болуы, олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі тиіс) Онлайн-сервиске қолжетімділікті алу үшін 2024 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі мерзімде тиісті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясына ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынсын.
5. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары учаскелік комиссияларды онлайн-сервистің жұмыс істеуі үшін тиісті жұмыс орнымен (принтері, жоғары жылдамдықты интернеті бар компьютерлік техника жиынтығы) қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Онлайн-сервисті іске асыруын бойыншы барлық қажетті шараларды қабылдасын.
7. Учаскелік референдум комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
8. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
9. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
А. Оразбек |
Астана қаласы
2024 жылғы 16 қыркүйек
№ 41/51
Астана қаласы
2024 жылғы «17» қыркүйек
№ 559/НҚ
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
