| 16.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды
өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін
берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің және есептен шығару куәлігін алуға өтініштің мәтіні осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады деп айқындалсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 16 қыркүйек
№ 41/50
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
