| 16.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған
республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған
бюллетеньдерді дайындау туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес дауыс беруге арналған бюллетеньдердің қорғалу дәрежесі (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес дайындалатын дауыс беруге арналған бюллетеньдердің саны белгіленсін.
4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының референдум комиссиялары дауыс беруге арналған бюллетеньдерді референдум учаскелеріне белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 16 қыркүйек
№ 41/49
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
