15.08.2007 |
![]() |
2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 41 және 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлау бюллетенін (бюллетеньдерін) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң, саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғу арқылы толтырған сайлаушы оны (оларды) дауыс беруге арналған жәшікке салады.
2. Сайлау бюллетенін бүлдірген жағдайда, сайлаушының өтініші бойынша оған жаңа сайлау бюллетені беріледі. Жаңа сайлау бюллетені сайлаушыға тек бір рет беріледі. Бүлінген сайлау бюллетені пайдаланылмаған болып есептеледі және қалған пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерімен бірге жойылады.
3. Сайлау бюллетенін дауыс беруге арналған жәшікке салған сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан кетеді.
4. Сайлаушыға берілген сайлау бюллетеньдері мен сайлаушының электрондық карточкалары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерге шығарылмауға тиіс. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны бұл туралы ескертеді.
5. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
6. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана қ. 2007 жылғы 15 тамыз
№109/237