| 03.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық
референдумды өткізу кезінде мүгедектіктігі бар адамдар үшін
жағдайларды қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес референдум учаскелерiнде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқықтарын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 3 қыркүйек
№ 38/45
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
