| 03.09.2024 |
|
2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған
республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес және «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 3 қыркүйек
№ 38/42
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
